АҒЫМДАҒЫ ЕСЕПШОТ — банктегі заңды не жеке тұлғалардың күнделікті есеп айырысатын есепшоты. Бұл есепшотқа, негізінен, кәсіпорындар мен жеке тұлғалардың уа- қытша басы артық қаржылары және кассаларда бұрыннан қалған қоры жинақталады. Ақша есепшот иесіндегі чек, төлем қағазымен ғана емес, қаржымен қамтамасыз ету- шілердің талап ету есепшоттары, үкім қағаздары, т.б. құжаттар бойынша да жұмсалады. Бұл есепшоттан қолма-қол ақша тек белгілі мақсатқа – еңбекақыға, зейнетақыға, іс- сапар шығындарына, т.б. беріледі. Банк кассалары ақшаны чек арқылы белгілі адамға да, ұсынушыға да береді.