АҒЫБАЙ БАТЫР

АҒЫБАЙ БАТЫР, Ш ұ быртпалы Ағыбай (1802, Ұлытау өңірі — 1885, Балқаш көлінің жағасы, Тасарал қамалы) — Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылығына қарсы көтеріліс басшыларының бірі, қолбасшы. Жорықта жолы болғыштығы үшін “Ақжолтай батыр” атанған. Сарбаздары Абылай есімімен қатар А.б-ды да ұранға айналдырған. 13 жасынан қолына қару алып, 1824 ж. Қарқаралы аймағында Ресей им- периясының отаршылдық саясатына қарсы көтеріліске белсене араласты. А. б. бастаған қол 1826 — 49 ж. аралығында Ресей әскерлерімен бетпе-бет шайқасып, бірнеше рет күй- рете соққы берген. Ресей империясының Қазақстандағы тірек-орталықтары — Қарқаралы, Ақтау, Ақмола, Екатеринин бекіністеріне шабуыл жасап, патша әскерлерін Ырғыз, Тобыл өз-дері бойындағы ұрыстарда, Қызылжар, Көкшетау шайқастарында тас-талқан етіп жеңген. Қырғыз манабы Орманға қарсы соғыстарда ерекше ерлік көрсеткен. 1847 ж. Кенесары ханның Кекілік тауындағы қырғыздармен айқасында Наурызбай батырмен бірге дұшпан шебін бұзып өткен. Кенесары өлгеннен кейін де Ресей өктемдігіне қарсылығын тоқтатпай, Сыздық төре қолы құрамында соғыс жүргізген. Кейінірек, 1849 жылға дейін Ресей өкіметінің қамалдарына өз бетінше шабуылдар жасаған. Өмірінің соңғы кезеңінде егіншілікпен, балық аулаумен айналысқан. Дүниеден қайтқан соң Ресей үкіметі оның мәйітін Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кешеніне жерлеуге рұқсат етпей, Сарыарқа мен Бетпақдаланың шектескен Тайатқан- Шұнақ деген жерінде жерленген.

Кенесарының бас батыры А.б-дың өмір жолы қазақ тарихшылары мен қаламгерлерінің шығармаларына арқау болған. 1914 ж.Есім төренің көмегімен Ә. Бөкейханов Қазан қ-нан “Қызыл қайнар Тектұрмас” деген кітабын шығарды. С. Сейфуллин “Ақжолтай батыр” деген роман жазған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *