АҒА МОХАМЕД ХАН КАДЖАР

АҒА МОХАМЕД ХАН КАДЖАР (1742 — 1797, Шуша) — каджарлар әулетінің негізін салған Иран шаһы (1796 — 97). 18 ғ-дың 80-жылдарынан бастап каджарлардың зендтерге қарсы күресін басқарды. Бұл күрес 1794 жылдың аяқ шенінде каджарлардың жеңісінен аяқталды. А. М. х. К. Өз қарсыластарын аяусыз басып жаншып, кейде күшпен, кейде айламен бүкіл Иран жерін өзіне қаратып алды. А. М. х. К. армиясы 1795 ж. Грузияға басып кіріп, Тбилисиді талқандады. Грузиядан оралған соң 1796 ж. Иран шаһы болып сайланып, Грузияға қайта шабуыл жасау үшін дайындала бастады. Көп ұзамай Грузияға екінші рет аттанды. Бірақ бұл жорығы сәтсіз болып, ІІІушада өз қызметшілерінің қолынан қаза табады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *