АҒА МИРЕК — парсы кескіндемешісі, сүйектен бұйым жасайтын зергер. 16 ғ-да Шығыс елдеріне кең тараған тебриз мектебінің өкілі. Қолтаңбасының әсемдігімен, нәзік нақышымен ерекшеленеді. А. Мирек 1539- 1543 ж. Низамидің “Хәмсә” қолжазбасын (Британ мұражайы) безендірген шеберлердің бірі.