АҒАШ

АҒАШ — сабақтары мен тамырлары сүректеніп біткен, өте жақсы жетілген діңі бар, биікт. 2 м-ден кем болмайтын көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанда өсетін А-тардың ең биігі 50 м-ден аспайды (қарағай, шырша, емен, жөке ағаш, т. б.). Дүние жүзінде ен биік ағаш — Австралия эвкалиптісі (биікт. 140 — 150 м), ең жуан ағаш — Баобаб (диам. —  12 м). А. палеозой эрасының тас көмір, девон кезеңінен бастап (126 млн. жыл бұрын), мезозой эрасының бор, юра (96 млн. жыл бұрын) кезеңіне дейін ағашты өсімдіктер, кейін бірқатары көп жылдық, одан бір жылдық шөптесін өсімдіктерге айналған. Жер бетінде климаттың өзгеруіне байланысты, ағашты өсімдіктердің даму циклы қысқаруда. Осыған байланысты олар шөптесін өсімдіктерге айналуда. Қазіргі кезде А-тардың осы эволюциялық даму бағыты жалғасуда. Олар 5 топқа (балғын, жас, толық өсіп жетілмеген, толық өсіп жетілген, көп тұрып қалған А-тар) бөлінеді. Соңғы 2 тобына жататын А-тар ғана кесіледі. А-ты кескен кезде сүрегіндегі шеңберлердің санына байланысты жасын анықтайды. Жапырағының ішкі құрылысы мен сыртқы түріне қарап А-тарды 2 түрге бөледі: қылқан жапырақты (шырша, қарағай); жапырақты ағаш (қайың, терек). А. ішкі құрылымы (талшықтарының ұзындығы, қалыңдығы) мен физ.-мех. қасиеттеріне (көлемдік салмағы — бұл көрсеткіш неғұрлым көп болса, мех. қасиеттері жоғары болады) байланысты пайдаланылады. Қазақстанда өсетін А-тар- дың тех. қасиеттері жақсы зерттелген.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *