АҒАШ ӨҢДЕУ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ

АҒАШ ӨҢДЕУ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ – ағаш өңдеу жұмыстарында пайдаланылатын қол немесе механикаландырылған аспаптар. Оған: қол аспаптар – балта, ара, сүргі, қашау, бұрғы, т.б.; қосалқы қол аспаптар – ұста балғасы, ағаш балға, қышқаш, бұрауыш, тістеуік, егеу, т.б.; механикаландырылған аспаптар – электр ара, электр сүргі, электр қашау, электр бұрғы, электр фреза, электрлік және пневматикалық ажарлау аспаптары, т.б.; механикаландырылған қосалқы аспаптар — электр және пневматикалық бұрауыш; өлшеу-белгілеу аспаптары — метр, рулетка, сызғыш, кронциркуль, ішкі өлшеуіш, деңгейлік, рейсмус, циркуль, т.б. жатады. Жоғары механикаландырылған ағаш өңдеу комбинаттарында, шеберханаларда: ірі дөңгелек ағаштар мен бөренелерді тақтай етіп тілетін ағаш тілгіш рамалар; тақтайларды ені және қалыңд. бойынша білте тәрізді тақтайшаларға келтіретін дөңгелек аралар; қисық сызықты элементтер жасайтын таспалы аралар; ағаш сүргілеу станоктары; ағаш фрезалау станоктары, т.б. қолданылады (суретті қ.).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *