АҒАШ ҚҰРАЛЫМДАР

АҒАШ ҚҰРАЛЫМДАР — түгелдей немесе дені ағаш материалдан жасалатын құрылыс құралымдар (арқалықтар, фермалар, аркалар, рамалар, күмбездер т.б.). А. қ-дың бөлшектері бір-бірімен қашап қиюластыру, сыналар, нагельдер (ағаштан немесе темірден жасалынған цилиндр тәріздес өзекше), болттар, металл бекіткіштер қағу, сондай-ақ же- лімдеу арқылы байланыстырылады. А. қ-дың артықшылықтары: жергілікті материал- дарды пайдалану мүмкіндігі мол, хим.залалды әсерлерге төзімді, әрі тасымалдауға қолайлы. Кемшіліктері-шіруге бейім және өртке оңай шалынғыш келеді. А. қ. өнеркәсіптік қоғамдық, а. ш-на, т.б. қатысты ғимараттардың төбесін жабуға, сондай-ақ көпірлер, эсткадалар салуға, электр тогын жеткізу желілерінің бағаналарына, т.б. қолданылады. А.қ-дың ашық ауада пайдалануға арналған бөлшектерін антисептикалық қоспаға шылайды. Қазіргі құрылыстарда негізнен желімді А.қ. пайдаланылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *