АҒАШ АЯҚ — екі аяққа таңып алып, жерден едәуір биік көтеріліп жүруге, билеуге болатын ұзын сырық, қада, бақан. Қалаған мөлшерде ұзартуға, қысқартуға болады. Ерте замандардан белгілі. Еуропа, Азия, Африканың кейбір елдерінің тұрғындары батпақты жерлерден А. а-қа мініп өтетін болған. Кейін сауық-сайран құралына айналған. 20 ғ. басындағы Қазақстан жәрмеңкелерінде (Қарқаралы, Атбасар) А. а-пен билейтін атақты өнерпаздар шыққан. Қазақ той-мерекелерінде А. а-пен билеп, жарысып, ойын көрсету салты әлі де бар.