АҒАШЕРІ (парс. ағач-эри) — түркі тілдес тайпа. Ол туралы алғашқы деректер Византия жазушысы Приск Панийскийдің (5 ғ-дың 3-ши- регі), Рим жазушылары Иор- нанд пен Кассиодордың (6 ғ- дың ортасы) еңбектерінде кездеседі. А. Каспий т-нің солт- н мекендеген. 1245 жылғы араб-түрік-монғол сөздігінде А. “Орман адамдары” деп ата- лады. Рашид әд-Дин А-ні оғыздардан тараған тайпаларға қосады (“Жами ат-тауарих”). Ертеректегі деректерде А. хазарлардың бір буыны ретінде сипатталады. Бұлар алдымен Солт. Кавказды, кейіннен оғыз тайпалары — афшар, баятпен бірге Шығ. Анадолының Ма- раш тауын мекендеген. 1246 ж. А. басқа түркі тайпаларымен бірлесіп, монғол қолбасшысы Байчуноян әскерлеріне қарсы тұрған. Осы кезеңде А-нің үшінші тобы салжұқтардың Аққойлы мен Қарақойлы одағына енді. Қазіргі кезде А. ұрпақтары Иранның оңт.-шығысын мекендейді.