АҒАТАЙ БАТЫР (т.ә.ж.б.)

АҒАТАЙ БАТЫР (т.ә.ж.б.) — Тәуке ханның Қазақ хандығының тәуелсіздігі мен бүтіндігін сақтау жолындағы саясатын белсенді қолдаған қайраткер. 1836 — 38 жылдардағы Кіші жүз қазақтары көтерілісінің басшысы Исатай Тайманұлының арғы атасыЕсімі беріш руының ұранына айналғанОның саналы ғұмыры Еділ қалмақтарымен соғыста өттіРесей бодандығын қабылдаған қалмақтардың Кіші жүзге шабуылы 18 ғ-дың 1- ширегіңде күшейе түстіРесей билеушілері қалмақ ханы Аюке жасақтарының күшімен қазақ хандығын әлсіретуді көздесеқалмақтар Ресейге арқа сүйепКіші жүз қазақтарын өзіне тәуелді еткісі келдіҰзақ жылдар бойы олар Еділдегі қалмақ хандығының жерін шығысқа қарай ұлғайту ниетінен бас тартпадыТүстіктегі Хиуа хандығы да Кіші жүз жерін Ресеймен бөлісер оңтайлы жағдайды күтіп отырған. 18 ғ-дың 1-ширегінде көрші елдердің басқыншылық ниетін жақсы түсінген Тәуке хан Түркістан қ. маңына 80 мың жасақ ұстады. Осы әскери күштің құрамында А. б-дың да қолы болды. А. б-дың АйболатҚуатАтабасБоқай, ЖәнібекСерікпен есімді ұлдары болған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *