АЖЫРЫҚ

АЖЫРЫҚ (aeluropus) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы. Республикамыздың барлық сортаң және шөлді өңірлерінде өседі, тұзға өте төзімді келеді. Қазақстанда сортаңдық А. және жатаған А.деп аталатын 2 түрі кездеседі. Сортаңдық А-тың (A.litpralis) биікт. 20-60 см, сабағы көлбеу не көтеріле өседі. Бұтақтары бұдырлы, жапырағы жалпақтау, түкті келеді. Көп гүлді масақтары сатылына орналасады, ұз. 3-5 мм болады. Жатаған А-тың (A.repens) биікт. 7-30см, жапырақтары түкті, гүл сыпыртқысы тығыз, шоғырлана орналасады, ұз. 2-2,5 см келеді. А. – ең маңызды мал азығы. Өскен жерінің құнарлылығына байланысты бір га алқаптан 2-40 ц шөп жиналады. Оның гүлінің құрамында: протеин, белок, май, азотсыз активті заттар көптеп кездеседі. А-ты арнайы да өсіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *