АДЫРНА

АДЫРНА — қазақтың көп ішекті шертпелі саз аспабы. Аспаптың шанағы қуыс, беті көн терімен қапталады. Б.з.б. аңшылар ұстанған көне аспап саналады. Оның көне үлгісі әуелде садақ тәріздес болған. Кейін бұғы, марал, киік, бөкен тәрізді аңдарға ұқсастырып жасап, мүйіз бен құйрықтың екі арасына ішектер тартып ойнаған. А-ны тізенің үстіне қойып, басын иыққа тіреп, ішектерін іліп тартып кейде шертіп ойнайды. А-ның ішегі шуда жіптен немесе тарамыстан тағылады, аспаптың тұрқы 48-50 см, қалыңдығы 8-10 см, 7-ден 13-ке дейін ішектер тағылады. А. қазіргі кезде фольклорлық әуендер мен шағын күйлерді орындауға қолданылады. А-ның Д.ШоқпарұлыА.Құмаровтар жасаған бірнеше нұсқасы Ықылас атынд. Қазақ саз аспаптары мұражайында сақтаулы. «Адырна» аталатын көне аспаптар ансамблі бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *