АДРИЯ ТЕҢІЗІ

АДРИЯ ТЕҢІЗІАдрият т е ң і з і (Adria — б.з.б6 ғ- дағы грек қонысының аты) — Жерорта т-нің солт. бөлігінде, Апеннин мен Балкан түбектері аралығында, Ион т-н жи- ектей орналасқан. Тереңдсолт-нде 20—60 м, орта тұсында 100-170 м, оңт.-шығысында 1500 м-ден асады. Ауд. 132 мың км2. Теңіз айдынында циклондық айналым жасайтын ағыс кездеседі. Беткі қабатының темп-расы солт-нде 7°С, оңт. бөлігінде 13°С, тамызда 24 — 26°С; суының тұздсолт.бөлігінде 30 — 35%о, оңт.-шығысында 38%ᴏ ге жетеді. Оңт.-батыс, солт. және солт.-батыс жағалаулары биік таулармен қоршалған. Батыс, солт.-батыс жағалаулары ойпатты, кей тұстарында қолтықтар кездеседі. Балкан түбегіне жақын жағалауларында ИркПагКорчулаХварБрач, т.б. аралдары бар. Негізгі шығанақтары: Венеция, МафредонияОтрантоең ірі түбектері: Истрия, ГарганоЖағалауында Италия, Словения, Хорватия, Босния және Герцеговина, Югославия, Албания мемлекеттері орналасқан. Ірі порттары: Венеция, Триест, Риека, СплитДуррес. А. т. арқылы жүк тасымалданадыжағалауында туризм және демалыс орындары бар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *