АДМИРАЛ 

АДМИРАЛ (голлAdmiralараб.әмір әл-бәхр теңіз әміршісі) — әскери-теңіз флотында жоғары дәрежедегі офицерлерге берілетін әскери шен. Еуропа елдерінде 12 ғ-да теңіз ұрыстарында А.негізгі әскери күштерді (кордебаталия), вице А. — алдыңғы шепті (авангард), контр. А. — қорғаныс күштерін басқарды. 1706 ж. Петр 1 Ресейде 4 түрлі А. атағын енгізді: генерал А. (құрлықтағы әскери күштердің генерал-фельдмаршал дәрежесіне сәйкес), А (толық дәрежелі генерал), вице А. (генерал-лейтенант) және контр А. (генерал-майор). А- дық атақ Кеңестік ӘТФ-ында КСРО Жоғ. Советі Президумының 1940 ж. 7 мамырдағы қаулысымен еніп, бекітілді. 1955 ж. 3 наурыз, 1962 ж. 28 сәуір және 1971 ж. 18 ақпандағы қаулылар негізінде енгізілген қосымшалар мен нақтылауларға сәйкес А. атағының 5 түрлі дәрежесі болды: контр А., вице А., А., флот А-ы және Кеңестер Одағы флотының А-ы, сонымен қатар инженерлік кеме құрамы үшін контр-А-инженер, вице А,- инженер және А.-инженер. Кеңестік ӘТФ құрамында: А. Владимирский Л.А., вице-А. Усатов М.А., контр-А-дар Хорошкин Б.В. мен Порошин В.А. сияқты қазақстандықтар болды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *