АДЖИП

“АДЖИП” (adgip) — ЭНИ корпорациясының (Италия) мұнай мен табиғи газды бар- лап, өндіретін және өткізетін трансұлттық мұнай-газ фирмасы. 1926 ж. құрылған. 1959 ж. фирма Еуропадағы ашық теңіздегі тұңғыш скважинаны бұрғылады. Содан бері Аджип өзінің қызметін бүкіл дүние жүзінде өрістете отырып, аса маңызды мұнай компанияла- рымен біріккен кәсіпорындар түрінде жұмыс істеп келеді. 

А. көмірсутегін тазарту және өткізумен айналысатын Snam және Аджип Петроли фирмаларына метан мен мұнай жеткізіп береді. 1995 ж. А-тің жалпы табысы 11,407 млрд. итальян лиріне жетті. Фирма 5 құрлықтағы 24 елге қызмет көрсетеді. Дүние жүзіндегі көмірсутегінің 58%-ін өндіреді. Фирмада 13000 адам қызмет істейді. 

А. аса маңызды халықар. және жеке меншік ұйымдармен берік байланыс орнатып, Ресей, Әзербайжан, Қазақстан және Қытаймен болашағы мол жаңа жобаларды қолға алды. Соның бірі — Батыс Қазақстан обл-нда 1979 ж. ашылған Қарашығанақ кенішінен мұнай-газ конденсатын өндіру. Бұл жоба 1992 ж. дүниеге келген еді. Қазақстан Үкіметі кенішті игеруге тендер жариялаған кезде таңдау А. және “Бритиш газ” мұнай компанияларына түсті. 1998 жылға дейін бұл жерден 3,9 млрд. текше метр газ және 3,3 млн. т конденсат өндірілді. Мұнда жыл сайын 4,0 млрд. текше метр газ жөне 4,0 млн. т конденсат өндіруге мүмкіндік бар. Скважиналарды жөндеуде олардың бұрынғы жетілдірілген түрлері мен шетелдік бұрғылау қондырғыларын пайдалану жөнінде кең ауқымды жұмыс жүргізу туралы «Сайпем” және “Қарашығанақгазөндірісі акционерлік қоғамы» компаниялары арасындағы біріккен кәсіпорын болып есептелетін «Ақ Жайық» бұрғылау компаниясымен шарт жасалды. 

Таяудағы 40 жыл ішінде бұл кеннен 500 млрд. текше метр газ және 300 млн.т мұнай мен конденсант өндіру көзделіп отыр. Бұл газ Ұлыбритания мен Италияны он жыл бойы қамтамасыз етуге жететін қор. Серіктестер кенді игеруге бөлгелі отырған 6 млрд. АҚШ доллары Қазақстан экон-сын көтеруге игі ықпал жасап, ұзақ уақыт пацда табуға жол ашпақ. Бұдан жиналған қордың көбісі осы кеннен өндірілген газ бен мұнайды өңдейтін зауыт құрылысына және оның өнімдерін Батыс Еуропаға тасып жеткізуге жұмсалады. 

Қарашығанақ кенішінде инженерлік, құрылыс және конструкторлық жұмыстар жүргізу жөніндегі кешенді шарттарда жергілікті тұрғындарды жұмысқа көбірек тарту арқылы мұнайлы аймақ кеншілерінің әлеум.-экон. жағдайын жақсарту көзделіп отыр. Фирмада қоршаған ортаны қорғау және қалпына келтірумен айналысатын арнаулы топ құ- рылған. 

А. фирмасы соңғы жылдары мұнай мен газ өндірудің жаңа технол-сын енгізу саласындағы ғыл.-зерт. жұмыстарына 300 млрд-тан астам итальян лирін бөлді. Фирма жоғары темп-ра мен төтенше жағдайлардағы қысымнан құтқаратын қазіргі заманғы технол. жасады. Бұл әдіс мұнайды ашық теңізде 850 м, тіпті 1000 м тереңнен өндіруге мүмкіндік береді. А. фирмасы Каспий теңізінің қайраңының астындағы мұнай мен газ қорын барлап, оны игерудің зиянсыз және тиімді технологиясын табу мақсатымен құрылған (1993) халықар. “Қазақстан- каспийшельф” Консорциумының құрамында алға қойған міндеттерін аз уақыттың ішінде орындап шықты. А. фирмасы Каспий мұнайын тікелей игеріп әлемдік рынокқа шығармақшы үміткерлердің бірі. 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *