АДЖАИБ әл-МАКДУР ФИ НӘУАИБ АХБАР ТИМУР

“АДЖАИБ әл-МАКДУР ФИ НӘУАИБ АХБАР ТИМУР”(“Темір тигізген зардаптарды болжау ғажайыптары”) — тарихи шығарма. 1436 — 37 ж. жазылған. Авторы — Әмір Темірдің жанындағы дамаскілік шежіреші Ахмед ибн Арабшаһ (1450 ж.ө.). Еңбекте Орта Азия мен оған көршілес Шығыс елдерінде өткен оқиғалар (14 ғ-дың соңы мен 15 ғ-дың басы) баяндалады. Шығармаға автордың Самарқанға келген сапарында (1401 — 08) замандастарынан естіген, Әмір Темір шапқыншылығына ұшыраған елдерге саяхаты кезінде (1408 — 22) өзі жинаған геогр. мәліметтер енгізілген. Оның ішінде Дешті Қыпшақ пен оның астанасы — Сарай қ., Алтын Орда мемл., Шағатай әулеті кеңінен қолданған ұйғыр жазуы туралы деректер, әдебиет пен өнер адамдарына, ел билеуші ақсүйектерге берген сипаттамалар, т.б. қызықты мәліметтер бар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *