АДЕНОИД

АДЕНОИД (грек. аden — без, eidos — түр) — жұтқыншақ бадамшасының қалыптан тыс ұлғаюы. Көбінесе 4 — 8 жас арасындағы, кейде емшектегі балаларда да кездеседі. Жұтқыншақ бадамшасы қалыптан тыс ұлғайып, мұрын қуысын тарылтады, одан сұйық зат артық мөлшерде ағып, тыныс алуды нашарлатады. Сондықтан ауру адам ұйықтағанда аузын ашып дем алады, кейде мұрын жабылып тыныс тек ауыз арқылы болады. Ауыз ашыла беретін болған соң төменгі жақ сүйегі салбырап, ұйықтағанда қатты қорылдайды. Науқастанған баланың ешнәрсеге зауқы соқпай тез ашуланғыш келеді. А. асқынған кезде балалардың құлағы нашар естіп, кеш сөйлейді. Созылмалы А. ауруы адамның бетпішінін де өзгертеді. Жоғары жақ сүйектері бүйірінен қысылып, созылады және үстіңгі тістер алға шығып, ауыз қуысына сыймай тұрады. Баланы мұндай күйге ұшыратпау үшін операция жасалынады, ұлғайған без алып тасталынады. Хирургиялық тәсіл пайдаланбаған жағдайда сәуле шоқтарымен күйдіріледі. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *