АДЕНОЗИН ҮШ ФОСФОР ҚЫШҚЫЛЫ — аденозин, рибоза қанты және фосфор қышқылының қалдықтарынан синтезделінетін нуклеотид. А. ү. ф. қ. энергияның қайнар көзі болып табылады. Онсыз организм тіршілік ете алмайды. Қоректік органик. заттар ыдыраған кезде, одан хим. жолмен бөлінген энергия А. ү. ф. қ-ның құрамына жиналды да, біртіндеп организмнің қажетіне қарай жұмсалып отырады. Организм қатты қозғалыс жасаған сайын (мыс., алыс қашықтыққа жүгіретін спортшыларда), оған А. ү. ф. қ. мол жиналады. Организмде А. ү. ф. қ-ның концентрациясы 25 — 30 мг-дай болады. А. ү. ф. қ фосфатты қосылыстарға және аденозинға ыдырайды. Аденозин — рибоза қанты мен адениннен тұратын нуклеозид. Ол — энергия шығару, оның қорын жасау процесі мен сол энергияны организмде пайдалану процесінің арасын жалғастырып тұратын тізбек. А. ү. ф. қ-нан алған препараттар қан тамырлары тарылғанда, бұлшық ет 99 дистрофиясын емдегенде пайдаланылады.