АДЕНОВИРУСТАР (грек. adᶚn — без және virus — у)— құрамында дезоксирибо— нуклеин қышқылдары (ДНК) бар вирустар тұқымдастығы. Оны алғаш 1953 ж. А.У. Роу тамағы ісініп науқастанған баланың аденоиды мен бадамша безінен тапқан. Табиғи жағдайда А. сүтқоректілер мен құстар денесінде болады. Вириондар (вирустық бөлшек- тер) 252 белоктық қабықша (капсид) мен ДНҚ-дан тұрады. ДНҚ-сы — қостізбекті, шұбалаңқы. А-дың әсерінен болған аурулар жедел өтеді не ұзаққа созылады. Вирионның жиналатын орны — клетка. А. кеміргіштер денесінде қатерлі ісік туғыза алады. А, негізінен, тыныс жолдары мен көзге жұғады. Балалардың жоғарғы тыныс жолдарының қабынуының 20%-і А. үлесіне тиеді. Ересектерде созылмалы тонзиллит, бронхит сияқты аурулардың жиі қайталанып өршуі А-дың әсеріне байланысты. Емделу аурудың клиникалық белгілеріне қарай жүргізіледі. А-ға қарсы егілетін не тікелей әсер ететін дәрі әзрше жоқ.