АДДИСОН ДЕРТІ (morbus Addisoni), қола ауруы — бүйрек үсті бездері жұмысы- ның нашарлауы. Ол туберкулез ауруы (50 — 85%), аутоиммундық атрофия және басқа патологиялық процестерден пайда болатын аурулар (амилоидоз,гистоплазмоз, рак метастаздары, т.б.) әсерінен өршиді. А. д-мен көбіне 20-40 жас аралығындағы адамдар ауырады. Ауру өте баяу басталып, теріде, терінің шырышқы қабатында қола түстес дақ- тар пайда болады. Қан қысымы күрт төмендейді, электролиттер алмасуы бұзылады. Алдын ала сақтану шаралары: А.д-н қоздырушы кеселдерді емдеу, ауруға қарсы гидрокор— тизон, кортизон, преднизолон дәрілерін беру, т.б.