АДДИВТІЛІК

АДДИВТІЛІК (лат. Additivus — қосылатын) — бүтін объектіні сипаттайтын шаманың мәні, осы объектіні кез-келген әдіспен бөлшектеген кездегі жеке бөліктерді сипаттайтын шамалар мәндерінің қосындысына тең болатын қасиетті білдіретін ұғым. Мыс.,бүтін дененің көлемі оны құрайтын жеке бөліктер көлемдерінің қосындысына тең болса, ондай шама А.көлем болады.Сондай-ақ мұндай шамаларға сызықтың ұзындығы, беттің ауданы, физ.дененің массасы, т.б. жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *