АДВОКАТТАР АЛҚАСЫ — арнаулы заңда белгіленген міндеттерді орындау үшін адвокаттық қызметпен айналысуға құқы бар адамдар құратын, коммерциялық емес, кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым. Облыстық, респ. маңызы бар қаланың, астананың терр-сында адвокаттардың бір ғана алқасы құрылып, жұмыс істеуі мүмкін. Аталған терр-да А. а. болмаған жағдайда, ол ҚР-ның “Адвокаттық қызмет туралы” заңының (7- бап) талаптарына сәйкес келетін кемінде он құрылтайшы- ның бастамашылығымен құрылады. Оған мемл. органдардың арнайы рұқсаты талап етілмейді. А. а-ның негізгі міндеттері: адвокаттық қызметті жүзеге асыру кезінде алқа мүшелеріне жәрдемдесу, кәсіби көмек көрсету және оларды қорғау; олардың қызметін материалдық-техн. және анықтамалық-ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету; адвокаттық қызметті жүзеге асыруға кәсіби бақылауды ұйымдастыру; алдын ала тергеу және сот органдарының белгілеуі бойынша тегін заңды көмек көрсету, қорғау ісін ұйымдастыру. А. а-ның жарғысы, жоғары органы (алқа мүшелерінің жалпы жиналысы немесе конференциясы), аткарушы органы (төралқа), бақылаушы органы (тексеру комиссиясы) болады. А.а. мүшелерінің құқылары мен міндеттері, тәртіптік жауапкершілігі, т.б. ҚР-ның “Адвокаттық қызмет туралы” заңында (1997 ж. 5 желтоқсан) көзделген.