АДВОКАТ

АДВОКАТ (латаdvocatus — шақырылған) — адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және арнаулы заңда көзделген шеңберде кәсіби құқықтық көмек көрсететін заңгер; кең мағынасында алғанда — қорғаушы. Заңды көмек көрсете отырып, А.: заң мәселелері бойынша түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар береді; талап қою арыздарын, шағымдар мен кұқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасайды; анықтау, алдын ала тергеу органдарында, соттарда, мемл. және т.б. органдар мен ұйым- дарда, азаматтық қарым-катынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкілі ретінде қа- тысады, оларды қорғауды жүзеге асырады. А-тың статусы, адвокаттық қызметпен айналысу тәртібі, кәсіби құқылары мен міндеттері, мінез-құлық нормалары ҚР-ның “Адвокаттық қызмет туралы” заңында (1997 ж. 5 желтоқсан) көзделген. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *