АДАМ ҚҰҚЫЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПАКТІЛЕР — адамның құқылары мен бос- тандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған, адамды кемсітушіліктің барлық түріне тыйым салатын халықаралық құжаттар. Халықар. құқықта олардың екеуі: 1966 ж. 19 желтоқсанда қабылданған. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқылар туралы пакті мен “Азаматтық және саяси құқылар туралы пакті” басшылыққа алынады. Бұл пактілерге Қазақстан қосылған жоқ (1998). “Адам құқыларының жалпыға бірдей Декларациясынан ” (1948) айырмашылығы бұл халықар.- құқықтық актілер заңды тұр- ғыдан міндетті құжаттар болып табылады.
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактіде адамның еңбек ету құқы, кәсіпті еркін таңдау құқы, әділ еңбек ақы алу құқы, кәсіподаққа кіру және кә- сіпшілдер одағын құру құқы, әлеум. қамсыздандыру, денсаулығын сақтау, білім алу құ- қықтары көзделген. Осы пактіге қосылып, оны мақұлдаушы мемлекет өз халкының ба- куатты өмір жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде міндеттеме қабылдайды. Экономика- лық және әлеуметтік Кеңес тағайындаған сарапшылар к-ті өз елдеріндегі адам құқыла- ры мен бостандықтарының жүзеге асырылуы туралы мемл-тердің баяндамаларын жүйелі мерзіммен тыңдап отырады.
“Азаматтық және саяси құқылар туралы пактіде” адамның өмір сүру, өзінің бостан- дығы мен жеке басына қол сұғушылығын қамтамасыз ету құқы, негізсіз тұтқындалудан қорғану құқы, әділсот төрелігіне жүгіну құқы, ойын еркін айтуға, ождан еркіндігіне, еркін жүріп-тұру құқы, соның ішінде еркін эмиграцияға және өз отанына қайтып оралу құқы, бейбіт жиындар өткізу, т.б. құқылары көзделген. Осы құжат бойынша “Адам құқылары жөніндегі комитет” құрылды, оған осы пактіні бекітіп, ресми түрде оған қосылған мемл-тердің баяндамаларын қарап, талқылау міндеті жүктелген. К-т осы пактіні бекіткен, бірақ оның нормаларын бұзған мемл-ке қатысты басқа мемл-тердің де шағымын тындауға құқылы.