АДАМ ҚҰҚЫЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ, Қа зақстан Республика- сы Президенті жанындағы Адам құқылары жөніндегі ком и с с и я — консультативтік- кеңесші орган. ҚР Президентінің 1997 ж. 22 сәуірдегі Жарлығымен құрылған. Төрағасы — ҚР Парламенті Сенат палатасының депутаты акад. Ж. Әбділдин. Комиссия Мемл. басшысының адам және азамат құқылары мен бостандықтарына кепілдік беру жөніндегі конституциялық міндеттемелерін жүзеге асыруына, сондай-ақ осы мақсат- тағы тетіктерді жетілдіруге жәрдемдесуге тиіс. Комиссия адам құқылары мен бостанды- ғын қамтамасыз ету, қорғау жөнінде ҚР Президентінің атына және тікелей өзіне жол- данған хат-хабарды қарап, осыған орай жыл сайын арнаулы баяндамалар дайындайды, адам құқығын қорғаудың тетіктерін жетілдіруге қатысты ұсыныстар жасайды. Қазақстан мүддесіне қатысты адам құқылары жөнінде талдамалық материалдар, арнайы халықар.-құқықтық құжаттар бойынша талдамалы қорытындылар әзірлейді. Осы сала бойынша маманданған халықар. ұйымдардың жұмысына қатысады. А.қ.ж.к. туралы Ереженің 7-пунктінде “Комиссия Мемлекеттік хатшының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін төрағадан, комиссияның хатшысы мен мүшелерінен тұрады” делінген. Комиссия БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігімен бірлесе отырып, 1998 ж. Астанада халықар. конференция өткізді.