АДАМ ҚҰҚЫЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

АДАМ ҚҰҚЫЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ — адамның ажыратылмайтын құқылары мен бостандықтарын жариялаған негізгі халықаралық- құқықтық құжат. 1948 жылғы 10 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған. Бұл халықар.-құқықтық актінің міндеті — осы құжатта бекітілген адам құқылары мен бостандықтарының жалпыға бірдей мойындалуын және тиімді сақталынуын қамтамасыз ету. Маңыздылығы — адам құқылары мен бостандықтарын халықар. практикада тұңғыш рет түсіндіргендігі. Декларацияның міндеттілігі, заңды сипаты жоқ; бекітілген нормалар сөзсіз орындалуға тиісті емес. Алайда құжатта көзделген адам құқылары мен бостандықтары туралы қағидалардың маңыздылығына байланысты Декларация жалпыға бірдей акт ретінде танылады және оны қабылдауға дауыс берген мемл-тердің барлығы бірдей орындайды. БҰҰ Жарғысында: “Осы Декларациядағы қағидалардың ешқайсысы қандай да бір мемл-ке, адамдар тобына немесе жекелеген адамдарға қандай да бір қызметпен айналысу құқына ұсыныс ретінде түсіндірілмеуге тиіс” (30-бап) деп көрсе- тілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *