АДАМ ЭКОЛОГИЯСЫ, антропоэкология – 1)биосфераның (оның құрамдас бөліктерінің) және адамзаттың (оның түрлі топтары мен жеке тұлғалардың) өзара қарым-қатынасындағы ортақ заңдылықтарды зерттейтін кешенді ғылым саласы; 2) адамның жеке басының қасиеттерін жетілдіріп, өзіндік болмысын қалыптастыру, қорғау туралы ғылым; 3) жалпы адамзат баласының, соның ішінде этностардың өсіп-өніп, таралуы туралы ғылым саласы. А. э. адамдардың бір-біріне, табиғатқа әлеум.-психол. және экон. қарым-қатынасын қамтып, ғылымның әр түрлі салаларының басын біріктіреді. Яғни, мұнда әлеум., экон. және табиғи шарттардың барлығы адамның өмір сүруіне қажетті әрі оның мұқтаждықтарын жан-жақты қамтамасыз ететін орта ретінде қарастырылады; қ. Экология.