АДАМ ТӘРІЗДІ МАЙМЫЛДАР

АДАМ ТӘРІЗДІ МАЙМЫЛДАР (Hominoidea, Anthropomorphidae) — маймылдар отрядының тартанаулылар тобының бір тұқымдасы. Сыртқы түрі адамға ұқсас болған- дықтан А. т. м. деп те атайды. А. т. м-дың өкілдері Б.з.б. 35-23 млн. жылдары Мысырда пайда болған деген пікірлер бар. Кейін олар Африка, Азия, Еуропада кеңінен таралған, түрлері де көп болған. Денесінің ұз. 63-180 см, салм. 5- 300 кг, алдыңғы аяқтары артқы аяқтарынан ұзын, миы қатпаршақты болып келеді. Бастың маңдай бөлімі жақсы жетілген. Бас бармақтары басқа саусақтарына қарама-қарсы орналасқан, тырнақтары жалпақ келеді. Құйрығы, ұрт қалталары болмайды. Тісінің құрылысы, құлақ қалқаны, ішкі мүшелері, қанының топтары, олардың қорғаныштық қасиеті, зат алмасуы, т.б. адамға ұқсас. Соқыр ішегі бар. А. т. м. шағын топ құрып, ұзын қолдарының көмегімен бұтақтан-бұтаққа, ағаштан-ағашқа секіріп, тіршілік етеді. 5-10 жаста жыныстық жағынан жетіледі де, жылына бір ұрпақ береді. Жүктілік мерзімі 200- 260 күн. Олар 30-60 ж. өмір сүреді. А. т. м-дың қазіргі кезде 3 тұқымдасы бар: гиббон, понгидтер, (орангутан, горилла, шимпанзе), гоминидтер. Олардың 12 түрі Батыс және Шығыс Африкада, оңт.-шығыс Азия аймағында, Зонд, Ява, Суматра, Калимантан аралдарының қалың тропикалық ормандарында кездеседі. Олар өсімдік жемістерімен, ұсақ жануарлармен қоректенеді. Көптеген түрлері сиреп кеткендіктен, Халықар. табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *