АДАМ АТА (Тәурат, Інжіл, Забур секілді діни кітаптарда Адам) – Құран дерегі бойынша Алла тағала өз құдіретімен жаратқан ең алғашқы адамның аты. “Құдірет иесі Құдай әуелі Көк пен Жерді жаратты… Құдай: “Жарық болсын!” деді — жарық болды, жарықты — күн, қараңғыны — түн деп атады. Келесі күні ұлан- ғайыр мұхиттың үстіне көк күмбезін көтеріп, …суды – теңіз, мұхит деп, жерді – құрлық деп атады. Төртінші күні Ай мен Күн, жұлдыздарды дүниеге келтірді. Бесінші күні балық және басқа су мақұлықтары мен құстар жаратылды. Алтыншы күні жер бетінде аяғымен жүріп, бауырымен жорғалайтын жануарлар, мақұлықтар мен бақа-шаян, құрт- құмырсқа пайда болды. Сол алтыншы күннің ақыр соңында А. А-ны жаратты. Жетінші күні жаратушы тынығып демалған, сол күн жексенбі атаныпты…” Бұл үзінді жолдары яхудалардың “Тәурат” кітабынан қысқаша мазмұндалып аударылды. Иуда дінін тұтынушылар мен христиан әлемі үшін Жер дүниенің жаралуы туралы дерек осы ғана.
Тәуратта адамзаттың түпкі бабасының неден жаралғанын таратып айтпай, “топырақтан жаралғансың, топыраққа қайта айналарсың” (Тәурат, 3:19) деп қысқа ғана қайырады. Құранда бұл тақырып әр тұста шашырай айтылғанмен, кеңейтіле баяндалған: “Сыңғырлап тұрған кепкен балшықтан тиісті мүсінге келтіріп, адамды Біз топырақтан жараттық” (Құран Кәрім, “һижір” сүресі. 15:26), “Адамды Ол ұйыған қаннан жаратты” (“Алақ” сүресі, 96:12), “Біз сендерді (А. А-ны) әуелі топырақтан жараттық. Оның нәсілін (рухтан) жыныстық тамшыдан, кесек еттен (құрап) жараттық. Біз мұны тектерінді білу үшін айтып отырмыз” (“Хаж” сүресі. 22:5). Қайсыбір зерттеушілер бұдан Құран сөзінің ала-құлалығын тапқан болады. Ал шындығында бұл Адам Атаның жаратылуына ғана қатысты емес, оның ұрпақ, нәсілінің, туып өнуіне де бірдей қатысты әңгіме. Тәуратта Құдай өмірі А. А-ны жаратумен шектелсе, Құранда Алла әмірі адамзат ұрпағының бір- бірінен өрбіп дүниеге келуін түгел қамтиды. Сондай-ақ Тәуратта “Құдай адамды өзіне ұқсас қып жаратты” (Тәурат. 1:27) делінген. Уақыт жағынан дүниеге кейін келген Ін- жілде Иса (Иисус) пайғамбардың адам кейпіндегі Құдаймен жүздесуі осы тұжырымнан бастау алған. Еуропада Құдайды адамға ұқсатып суретін салу – бәрі-бәрі осыдан. Ал Құранда “Адамды біз сөз жоқ, әдемі мүсінде жараттық” (“Тин” сүресі. 95:4) деумен ғана шектелген. Бұл мәселе де дін әлемінде тоқтаусыз талас тудырумен келеді. Алайда “Ықылас” сүресінде (112:1 – 4) “Сен айт: Алла жалғыз де, Алла – мәңгілік. Ол тумаған да туылмаған. Оған ешбір теңдес жоқ” деген аят тәураттық, інжілдік тұжырымдарға қара- ма-қарсы, яки, Алла А. А-ға не А. А. Аллаға ұқсас болуы мүмкін емес.
Кейінгі кезеңдердегі раввиндік діни әдебиеттерде мынадай да дерек бар: Құдай ал- ғашқыда артық пішіп А. А-ны шектен тыс тым зор ғып жаратыпты-мыс, кеудесіне жан салып, орнынан тұрғызғанда аяғымен жер, төбесімен көк тіреп тұрыпты-мыс. Періш- телер оның алыптығынан шошып, А. А-ның бойын ықшамдауды өтінген. Құдай оны шақтап қайта жасапты-мыс. А. А. ұжмақта жаратылып, ұжмақта ғұмыр кешті. Аспаннан түсті делінетін киелі кітаптардың қай-қайсысы да ұжмақтың жан рахат ғажабын тамылжыта жазған. Жәннат бағында адамға қорек болатын жеміс ағаштарымен қатар өмірлік мәні зор киелі ағаштар да жеткілікті. “Өмір ағашы”, “әлемдік діңгек ағашы”, “қайырымдылық ағашы”, “қуаныш ағашы”, “мерей ағашы”, “билік ағашы”, т.б. А. А. ұжмақта жай ғана серуендеп жүрмейді, жеміс ағаштарын бағып-күтіп бағбандық қызмет те атқарады. Құдіреті күшті Алла оны алғашқыда бағбан етіп жаратқан еді, кейін бақташылық жұмысты да қосып беруді қолай көрді. Алла өзінің сүйікті жаратқанын сыртынан бақылап жүріп, оның сұхбаттасатын серігі болмағандықтан, көңілі жүдеп жалғыз сырайтынын аңғарды. Алла тағала оны ұйықтатып тастады да, қабырғасын шы- ғарып алып, Хауа Ананы жаратты.
Тәураттың ең ескі нұсқасы9 ғ-да алғаш хатқа түсіп, 6-4-ғасырларында түбегейлі өңдеу-жөндеуге ұшырады. Бізге жеткені осы соңғысы. Алғашқы нұсқада А.А. есімі болды ма, болмады ма — белгісіз, ал кейінгі нұсқада ол жер-дүниенің жаралуы туралы аңыздардың бас қаһарманы. А. А. мен Хауа Ана өмірі туралы “Ұлағаттар” б.з.б. 1 ғ-дың 2-жартысынан бастап қолға алынды деп есептелінеді. Бірақ олар жоғалып кеткен. Ал гректерде бар бір ескі нұсқа б. з-дың 4 ғ-нда латын тіліне аударылды да, бүкіл Еуропаға тегіс таралды. А. А. туралы иудалық, христиандық ұлағаттар осының негізінде немесе “Моисейдің апокалипсисі” желісімен жазылды. Ал мұсылман әлемінде А. А. өмірі назарға кейінірек ілікті. Бұлардың қатарына Эфиопиядағы “Адам Ата кітабын”, Сириядағы “Қазына үңгірі” жазбаларын атауға болар еді. Ең әйгілі алғашқы Тәпсірді жазған мұсылман әлемінің атақты тарихшысы Әбу Жафар Мұхаммед ат-Табари (9 ғ.), шариғаттың негізін қалаушы ибн әл-Асир (10 ғ.) өз еңбектерінде А. А. тарихын бірсы- дырғы жақсы баяндағанды. Армян епископы Аракел Сюнецидің “Адам туралы кітап”(1400 ж.) шығармасының кезінде үлкен әсері болды. Еуропа елдерінде А. А., Хауа Ана өмірі туралы көптеген жыр- дастандар, ондаған трагедиялық шығармалар, опералар жазылып, кинофильмдер түсірілді.
Аңыз бойынша А. А-дан әлемдегі барша адамзат ұрпақтары тараған. Алла тағала А. А-ға ерекше ілтипат көрсетіп, кеудесіне жан кіргізген соң, ілім- білімге, зиялылыққа үйретеді. Барлық періштелерге оның алдында бас иіп, бағынуға бұйырады. Бірақ Ібіліс А. А. мен Хауа Ананы өз үгітіне иландырып, ақыр соңында олардың пейіштен қуылуына себепші болады. Бір күні олар серуендеп келе жатқанда әнжір, зәйтүн (Тәуратша — ізгі- лік пен зұлымдықты тану) ағашының бұтағында ширатылып жатқан жылан — Ібіліс Хауа Анаға қарап тіл қатып, не себепті мына ағаштардан дәм татуға тыйым салғанын сұрады. “Біз күнәһар болмасын дегені ғой” (Тәуратша: “Өліп қалмасын”), — деп жауап қатады Хауа Ана. Жылан кейпіндегі Ібіліс жымысқы жымиып, жанашыр қамқоршыдай жәдігөйлене сөйледі. “Бұл ағаштың жемісін жеуден тыюы — Тәңір сендерді періште болып кетпесін, ұжымақта мәңгі қалып қоймасын дегеннен басқа түкте емес” (“Әғраф” сүресі. 7:12). Сөйтіп ол әзәзілденіп, Алла тағаланың өзі жаратқан пендесін күнәдан сақтамақ болған ниетін тонын теріс қаратып басқаша түсіндірді… Ібіліс жемісті үзіп алып аузына салып, құмардан шыққандай сүйсіне талмады. Осы тұстарды көне кітаптар әр түрлі уәждейді: бірі — жемісті үзіп алып берген жылан не жылан кейпін киіп, жыланша сөйлеп тұрған Ібіліс десе, екіншісі — қол созып жемісті үзіп алған Хауа Ананың өзі дейді. Үзіп жатқанда Әзірейіл періштенің елесін көрген. Алайда көңілі шын құлап кеткендіктен, нәпсісін тыя алмаған. Тыйым салынған ағаштан өзі жегенімен тұрмай, А. А-га да жегізген. Ауыз-екі әфсаналар А. А. жемісті талмап жұта бергенде, бір періште жұтқызбаймын деп тамағына жармасқан. Ер адамның кеңірдегіндегі түйіншек тұрып қалған сол жемістің дәні екен-мыс деп хикаялайды. Іле-шала ерлі-зайыпты екеуінің көзінен жанарларын көлегейлеген перде сыпырылып түскендей болғанда, олар алғаш рет бір-бірінің жалаңаш тәнін көріп, ұялғаннан жапырақтармен әбүйірлерін жасырған.
Жаратушы жәннат бағына серуенге шыққанда, оның келе жатқанын аяқ тықырынан естіген А. А. мен Хауа Ана бұтаның тасасына бой бұғып, жасырынып қалады. Ол “Қайда- сың?” деп А. А-ны дауыстап шақырғанда, бұлар тасада тұрып: “Ұжмақты аралап келе жатқан аяғыңның сыбдырын алыстан-ақ естідім. Бір жағынан қорқып, бір жағынан жа- лаңаштығымнан ұялып, жасырынып тұрмын”, — деп тіл қатады А. А. “Жалаңаш екеніңді қайдан білдің? Мен тыйым салған ағаштан дәм татқаннан саумысың?” — деп қайыра сұ- рады Алла. А. А. болғанды болған күйінде баян етіп, кінәні әйеліне жапты. Ал Хауа Ана болса, азғырып, жолдан тайдырған жылан екенін айтып қарғанады. Болған жағдайды естіп қаныққан Алла қаһарын тігіп, қатты ашуланады.
А. А. мен Хауа Ана: “Тәңіріміз! Біз өзімізге өзіміз кесір жасадық. Егер бізге өзің ке- шірім етіп, рақым қылмасаңыз, онда біздің сөзсіз құрығанымыз” (“Әғраф” сүресі. 7:23) деп жазықты екендерін мойындап, өлердегі сөздерін айтып, Жаратушыға жалбарынған. Періштелер де күбір-сыбыр үндерімен бұлардың жағында екендерін сездіріп, Алла таға- ланың қас тіккен қаһарын жұмсартуға тырысқан. Алды кенен, шексіз мейірімді құдіретті ием күнәһарлардың шын тәубелеріне келгенін көріп, алғашқы райынан сынып, тәубелерін қабыл алған. Оны “Таһа” сүресі (20:22) растайды: “Сонан соң Алла оны тағы да бағалап, тәубесін қабыл етіп, оған кешірім жасады”. Алайда А. А-ны зайыбымен ұжмақтан аластау ниетінен танбаған.
А. А. жар қосағына Хауа деп ат қойды. Онысы “өмір бастауы” деген мағына еді. Жа- ратушы аң терісінен киімнің репетін істеп, олардың ашылған әбүйірін жапты да, ұжмақ- тан қуып шықты. А. А. мен Хауа Ана иіндері еңкейіп, пүшайман халде бұрылып кете бергенде, Алла ақтық кеңесін айтты: “Алда-жалда мен сендерге бір тура бағыт жібере қалсам, кімде-кім сол тура жолмен жүрсе, ол адаспайды, Қияметте қасірет шекпейді. Егер кімде-кім менің насихатыма теріс қараса, онда оның өмірі таршылыққа түседі. Қияметте Біз оларды көр соқыр қалпында жинаймыз” (“Таһа” сүресі, 20:123). Алла күнәһарларды ұжмақтан аластады да, жәннат бағы қақпасының алдына оттан өрілген алапат қылышы бар қанатты періштені күзетке қойды. Кейін бұл әңгімені таратып, баяндаған дін тарихшылары жәннат бағынан аттап шығысымен-ақ, А. А-ның қайғыдан бойы шөгіп, аласара берген деп хикаялайды. Пейіштен қуылған соң, А. А. Хауа Анамен Мекке атырабында кездескен. А. А. үшін көктен қара тас түсіріліп, ол сол жерге қаһба тұрғызады. Олардың екі ұлы, екі қызы болған екен. Ер жеткен соң, екі ұлы (Әбіл мен Қабыл) қарындастарының біреуіне таласып, бірін-бірі (Әбіл Қабылды) өлтіреді. Содан бері адам баласы өлетін болыпты. Аңыз бойынша А.А. бабамыз 930 жыл өмір сүріп, дүниеден өткен. А. А. мен Хауа Ана Мекке төңірегіндегі Қазына өңіріне жерленген делінеді.