АДАМБЕКОВ Садықбек (15. 11.1922 ж.т., қазіргі Оңтүстік Қазақстан обл. Арыс ауд. Қараспан а.) — жазушы. 1945-68 “Оңтүстік Қазақстан”, “Қазақ әдебиеті” газеттерінде және “Жұлдыз”, “Ара – Шмель” журналдарында қызмет атқарған. А-тің қазақ са- тирасында өзіндік орны бар. “Қожанасыр кақпасы” (1959), “Көсенің көзі” (1961), “Аю- байдың ажалы” (1981) жинақтары, қазақ әдебиетіндегі тұңғыш сатиралық роман са- налған “Атылған қыз” (1969, 1977,1988) шығармасы жарық көрді. А-тің жекелеген шығар- малары шетел тілдеріне аударылды.