АДАЛ

АДАЛ (парсхәлал) — шариғат заңдары бойынша адамға рұқсат етілген, бұйы— рылған нәрселер: 1) жеуге жарамды азық-түлік, дәм, тағам және аң-құс, түлік түрлері; 2) күнәдан пәктік, әділеттілік мәніндегі тазалық; 3) табан ақы, маңдай термен келген табыс; 4) санитарлық-гигиеналық тазалық. Адалдық — Жаратушыға тән асыл қасиеттердің бірі. Алланың (Құдайдың) адалдығына сену — мұсылмандық парыз. Барлық діни ұғымдарда адамдар Құдай алдында тең және бірдей. Сондықтан өмірде А. болу Алла алдында А. болумен бірдей. Мұсылман әлеміндегі әлеум.- филос. теорияларда А. сөзінің әділеттілік мәні бүкіл мұсылманның бір Аллаға, Алланың барлық мұсылмандарға адалдығы деп түсіндіріледі. Бұл ұғымға қарсы мағыналы ұғым — арам. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *