АДАЙ — Қостанай обл. Қамысты ауд-ндағы ауыл. Аудан орталығынан 25 км, Денисовка т. ж. ст-нан 80 км жерде орналасқан. Іргесі 1907 ж. қаланған. Тұрғыны 1,6 мың адам (1997). Ауыл 1954 — 97 ж. М. Горький атынд. астық кеңшарының орталығы болды. 8 жылдық мектеп, кітапхана, клуб, учаскелік аурухана, т.б. мекемелер бар.