АГРОТЕХНИКА

АГРОТЕХНИКА – а.ш. дақылдарын егіп өсіру тәсілдерінің жүйесі, егіншілік технологиясы. А.өсімдіктің биол.ерекшеліктерін, қоршаған ортаның жағдайын, дақылды егіп өсіру тәсілдерін және агрономия жетістіктерін негізге алады. А-ның мақсаты – топырақтың ылғалдылығын сақтау арқылы құнарлылығын арттыру, оны су мен жел эрозиясынан қорғау, сондай-ақ аз қаржы жұмсап а.ш. дақылдарынан мол өнім алу. А.шараларына ауыспалы егісті пайдалану, топырақ өңдеу, тыңайтқыш шашу, тұқым әзірлеу, тұқым дайындау, егін егу, егісті күту, суару, ору, бастыру, арам шөптерден, а.ш. зиянкестерінен қорғау, ауруларынан тазарту жатады. Қазақстанда А-ны дамытуда Астық шаруашылығы ғыл.-зерт ин-ты (Шортанды) ғалымдары көп еңбек сіңірді. А.И. Бараев егіншіліктің топырақ қорғау жүйесінің негізі — топырақты су және жел эрозиясынан қорғайтын сыдыра жыртып өндеу әдісін тапты. Қуан далада құрғақшылыққа жол бермеу, өнімділігі аз, шалғындар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту, сортаң жерлерді игеру, Қазақстанның солт. облыстарына лайықтап тұқым өсіру жүйесін жасап, өндіріске енгізді; эрозияға қарсы қолданылатын машиналар (сыдыра жыртқыш құралдар, тұқым сепкіштер, тырмалар, т.б.) құрастырды. Ал М.Қ. Сүлейменов Солт. Қазақстан жағдайында жаздық бидай себу мерзімін, мөлшерін белгілеп, топырақ қорғау жүйесін жасады. М.Н. Ерлепесов қоза, жүгері, қант қызылшасының тұқымын өсіріп, А-ны жетілдіру жұмыстарын ғыл. жолға қойды. А. шаруашылықтың және ауа райының жылдық ерекшеліктеріне, а. ш. ғыл. және озат практикалық жетістіктерге сүйеніп жүргізіледі. Соның нәтижесінде А. егіннің тұрақты мол өнімін беруін, еңбек өнімділігінің артуын қамтамасыз етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *