АГРОНОМИЯ

АГРОНОМИЯ (agros — танапегіс және nomos — заң) — диханшылық туралы ғылымДиханшылықтың тарихы өте ертеден басталдыШығыс елдерінде (МысырҮндістанҚытайт.б.) дихандар егіншілік ережелерінастрономиялық білімдердікүнтізбені пайдаланған. Оны ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткізіп отырғанҚазақстан аумағында неолит дәуірінен бастап егіншілік дами бастадыМәселенУсть-Нарым қонысында (Шығыс Қазақстантабылған қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетедіНегізінде бидайқара бидайтарыны өзендердің жайылмаларындагы шағын алқаптарға еккенБ.з.б. І-мыңжылдықтың аяғында мал өсіретін ірі— ірі қауымдармен бірге егін— шілікпен айналысатын адамдар қоныстары да пайда болдыАстық тұқымдас дақылдарды таулы және жазық жерлерде өсіре бастадыСырдария өзенінің жағалауындасақтардың Шірік-рабат, Бәбіш— Молда, Баланды тұрақтарында суару жүйелерін (арналардыпайдаланған. 60 шаршы метрден 150 шаршы метрге дейін өңделген шағын танаптардың іздері Жоңғар АлатауыШолақ (Іле аңғарларындажәне Шу — Іле (Шу аңғарытауларының қойнаулары мен баурайларында Қырғыз Алатауының (Талас аңғарындакездеседіЖетісуда суармалы егіншілік қана емессонымен қатар суарылмайтын — тәлімі егіншілік түрі де қолданылғанБ.з. 3 ғасырларында Қазақ жерінде бау— бақша және тәлімі егіншілік дами түсті. Ал грек және рим философтары (Гесиод, Аристотель, ВарронКолумеллат.б.) б.з.б. 8  4 ғ-ларда топырақ өңдеудақыл өсіру, а. ш. ұйымдастыру ережелерін жазбаша жинақтай бастады. Сол еңбектердің кейбір қағидалары: арам шөптермен күресутыңайтқыштар қолдануагротехниканың топырақ, климат жағдайынаөсімдіктің түрі мен сортына байланыстылығы кейін А. ғылымының негізі болып қаланды. Орта ғ- ларда Батыс Еуропаның кейбір елдерінде егіншіліктін тыңайған жүйесі дәндісүрі жер жүйесімен алмастырылды. Америка құрлығы ашылыпБатыс Еуропаға картоптыңжүгерініңтемекінің жаңа сорттары әкелінді. 18 ғ. 2-жартысында А.Л. Лавуазье, Дж. При- стли, Ж. Сенебье өсімдіктер көмірқышқыл газымен тіршілік ететінін ашты. Сол кезеңде Англияда егіншіліктің сүрі жер жүйесі егіншіліктің ұрық алмастыру жүйесіне ауысты— рылды. А. 19 ғ-дың 2-жартысынан бастап тез дами бастады. Осы кезеңде өсімдік фи- зиол., химиясыкейіннен микробиологиясы өз алдына ғылым саласы болып бөлінді. 20 ғ-да Батыс Еуропа, Америка, Ресей елдерінде топырақ эрозиясымен күресутыңайтқыштар шашу, а. ш. өсімдіктерінің жаңа тұқымдарын шығару ғылыми жолға қойылды. А-ның міндетіөсімдіктің өсуіне қолайлы жағдай туғызуолардың өнімділігін арттыруөсімдік селекциясын жақсартутопырақ құнарлылығын қалпына келтіру және арттыру екендігі айқындалдыСоған сәйкес А. егіншілікөсімдік өсіру, агрохимия, агрофизика, өсімдіктер селекциясытұқымтану, фитопатология, а. ш. энтомологиясысуландыру және топырақ микробиологиясы салаларына бөліндіҚазақ жерінде А-лық ғыл,- зертжұмыстары Темір (1907), Семей (1911 ж.) тәжірибе танаптары ашылғаннан кейін кәсіби жолға қойылды. 1925 — 32 ж. Қазақстанда өлкені зертқоғамы құрылды. Алматы, Семей, Оралт.б. қ-ларда а.шмамандарын дайындайтын мектептеркурстартехникумдар ашылдыОларда оку-ағарту ісімен бірге ғыл.-зертжұмыстары да жүргізілді. 1924 ж. өсімдік қорғау ст. (1958 жылдан Қазақ өсімдік қорғау ғыл.-зерт. ин-ты), 1926 ж. Тыңайтқыш және агрономиялық топырақтану ин-ты (1934 жылдан Қазақ егіншілік ғыл.- зерт. ин-ты) және 1929 ж. құрамында ботаника бөлімі бар Топырактану ин-ты (1934 жылдан Қазақстан ҒА-ның Топырақтану ин-ты) ұйымдастырылдыҚазақ а. ш. ин-ты (1930) және ВАСХНИЛ-дің Қазақ филиалы (1940) құрылғаннан бастап А. ғылымы бір жүйеге түсіп зерттеле бастадыЕлімізде А. ғылымының негізін қалауда: І.Ә. Әбуғалиев, Э.Ф. Госсен, М.Н.Ерлепесовт.бкөп еңбек сіңірдіБүкілодақтық астық ш. ғыл.-зерт. ин-тының (қазіргі А.И. Бараев атындҚазақ астық шаруашылығы ғыл.-зерт. ин-ты) ғалымдары егіншіліктің топырақ қорғау жүйесінің негізі  топырақты су және жел эрозиясынан қорғайтын сыдыра жыртып өңдеу әдісін тапты. Сол үшін бір топ ғалымдарға (А.Ф. Готовец, И.Я. Калугина, А.А. Зайцева, В.Ф. Зозуля, А.И. Бараев, т.б.) Лениндік сыйлығы берілді (1972). 1939—45 жылдары Ақтөбе обл-ның Ойыл ауданындағы “Құрман” колхозының диханы III. Берсиев тары шығымдылығын арттыруда дүниежүзілік рекорд жасадыОл әр гектардан: 1940 ж. 155,8, 1941 ж. 165,1942 ж. 175, 1943 ж. 201 ц өнім жинадыСондай-ақ Ы. Жақаев (Қызылорда обл. Шиелі ауд.) бекітілген егістің әр га-нан орта есеппен 80-90 ц (1942- 66 ж.), ал тәжірибе учаскесінің әр га-нан 171 ц күріш алдыСуармалы және тәлімі жерден жақсы өнім алу (М.Қ. Сүлейменов, Н.Ф. Костин), дәнді дақылдардыңкөкөністің жаңа өнімді сорттарын шығару (А.А. Алманиязов, Л.Г. Бобров, Р.А. Оразалиев), мәдени өсімдіктердің физиологиясынбиохимиясынгенетикасы мен селекциясын (Ғ.З. Бияшев, Т.Б. Дарканбаев, Ф. Полымбетова) зерттеу жұмыстары ғылыми жолға қойылдыҚазақстанда агрономия ғылымының салаларыегіншілік, агрохимия, топырақтану, өсімдік өсіру, т.б. өз алдына жеке сала ретінде дамып отыр.  (agros — танап, егіс және nomos — заң) — диханшылық туралы ғылым. Диханшылықтың тарихы өте ертеден басталды. Шығыс елдерінде (Мысыр, Үндістан, Қытай, т.б.) дихандар егіншілік ережелерін, астрономиялық білімдерді, күнтізбені пайдаланған. Оны ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткізіп отырған. Қазақстан аумағында неолит дәуірінен бастап егіншілік дами бастады. Мәселен, Усть-Нарым қонысында (Шығыс Қазақстан) табылған қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Негізінде бидай, қара бидай, тарыны өзендердің жайылмаларындагы шағын алқаптарға еккен. Б.з.б. І-мыңжылдықтың аяғында мал өсіретін ірі- ірі қауымдармен бірге егін- шілікпен айналысатын адамдар қоныстары да пайда болды. Астық тұқымдас дақылдарды таулы және жазық жерлерде өсіре бастады. Сырдария өзенінің жағалауында, сақтардың Шірік-рабат, Бәбіш- Молда, Баланды тұрақтарында суару жүйелерін (арналарды) пайдаланған. 60 шаршы метрден 150 шаршы метрге дейін өңделген шағын танаптардың іздері Жоңғар Алатауы, Шолақ (Іле аңғарларында) және Шу — Іле (Шу аңғары) тауларының қойнаулары мен баурайларында Қырғыз Алатауының (Талас аңғарында) кездеседі. Жетісуда суармалы егіншілік қана емес, сонымен қатар суарылмайтын — тәлімі егіншілік түрі де қолданылған. Б.з. 3 ғасырларында Қазақ жерінде бау- бақша және тәлімі егіншілік дами түсті. Ал грек және рим философтары (Гесиод, Аристотель, Варрон, Колумелла, т.б.) б.з.б. 8 — 4 ғ-ларда топырақ өңдеу, дақыл өсіру, а. ш. ұйымдастыру ережелерін жазбаша жинақтай бастады. Сол еңбектердің кейбір қағидалары: арам шөптермен күресу, тыңайтқыштар қолдану, агротехниканың топырақ, климат жағдайына, өсімдіктің түрі мен сортына байланыстылығы кейін А. ғылымының негізі болып қаланды. Орта ғ- ларда Батыс Еуропаның кейбір елдерінде егіншіліктін тыңайған жүйесі дәнді, сүрі жер жүйесімен алмастырылды. Америка құрлығы ашылып, Батыс Еуропаға картоптың, жүгерінің, темекінің жаңа сорттары әкелінді. 18 ғ. 2-жартысында А.Л. Лавуазье, Дж. При- стли, Ж. Сенебье өсімдіктер көмірқышқыл газымен тіршілік ететінін ашты. Сол кезеңде Англияда егіншіліктің сүрі жер жүйесі егіншіліктің ұрық алмастыру жүйесіне ауысты- рылды. А. 19 ғ-дың 2-жартысынан бастап тез дами бастады. Осы кезеңде өсімдік фи- зиол., химиясы, кейіннен микробиологиясы өз алдына ғылым саласы болып бөлінді. 20 ғ-да Батыс Еуропа, Америка, Ресей елдерінде топырақ эрозиясымен күресу, тыңайтқыштар шашу, а. ш. өсімдіктерінің жаңа тұқымдарын шығару ғылыми жолға қойылды. А-ның міндеті: өсімдіктің өсуіне қолайлы жағдай туғызу, олардың өнімділігін арттыру, өсімдік селекциясын жақсарту, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және арттыру екендігі айқындалды. Соған сәйкес А. егіншілік, өсімдік өсіру, агрохимия, агрофизика, өсімдіктер селекциясы, тұқымтану, фитопатология, а. ш. энтомологиясы, суландыру және топырақ микробиологиясы салаларына бөлінді. Қазақ жерінде А-лық ғыл,- зерт. жұмыстары Темір (1907), Семей (1911 ж.) тәжірибе танаптары ашылғаннан кейін кәсіби жолға қойылды. 1925 — 32 ж. Қазақстанда өлкені зерт. қоғамы құрылды. Алматы, Семей, Орал, т.б. қ-ларда а.ш. мамандарын дайындайтын мектептер, курстар, техникумдар ашылды. Оларда оку-ағарту ісімен бірге ғыл.-зерт. жұмыстары да жүргізілді. 1924 ж. өсімдік қорғау ст. (1958 жылдан Қазақ өсімдік қорғау ғыл.-зерт. ин-ты), 1926 ж. Тыңайтқыш және агрономиялық топырақтану ин-ты (1934 жылдан Қазақ егіншілік ғыл.- зерт. ин-ты) және 1929 ж. құрамында ботаника бөлімі бар Топырактану ин-ты (1934 жылдан Қазақстан ҒА-ның Топырақтану ин-ты) ұйымдастырылды. Қазақ а. ш. ин-ты (1930) және ВАСХНИЛ-дің Қазақ филиалы (1940) құрылғаннан бастап А. ғылымы бір жүйеге түсіп зерттеле бастады. Елімізде А. ғылымының негізін қалауда: І.Ә. Әбуғалиев, Э.Ф. Госсен, М.Н.Ерлепесов, т.б. көп еңбек сіңірді. Бүкілодақтық астық ш. ғыл.-зерт. ин-тының (қазіргі А.И. Бараев атынд. Қазақ астық шаруашылығы ғыл.-зерт. ин-ты) ғалымдары егіншіліктің топырақ қорғау жүйесінің негізі — топырақты су және жел эрозиясынан қорғайтын сыдыра жыртып өңдеу әдісін тапты. Сол үшін бір топ ғалымдарға (А.Ф. Готовец, И.Я. Калугина, А.А. Зайцева, В.Ф. Зозуля, А.И. Бараев, т.б.) Лениндік сыйлығы берілді (1972). 1939—45 жылдары Ақтөбе обл-ның Ойыл ауданындағы “Құрман” колхозының диханы III. Берсиев тары шығымдылығын арттыруда дүниежүзілік рекорд жасады. Ол әр гектардан: 1940 ж. 155,8, 1941 ж. 165,1942 ж. 175, 1943 ж. 201 ц өнім жинады. Сондай-ақ Ы. Жақаев (Қызылорда обл. Шиелі ауд.) бекітілген егістің әр га-нан орта есеппен 80-90 ц (1942- 66 ж.), ал тәжірибе учаскесінің әр га-нан 171 ц күріш алды. Суармалы және тәлімі жерден жақсы өнім алу (М.Қ. Сүлейменов, Н.Ф. Костин), дәнді дақылдардың, көкөністің жаңа өнімді сорттарын шығару (А.А. Алманиязов, Л.Г. Бобров, Р.А. Оразалиев), мәдени өсімдіктердің физиологиясын, биохимиясын, генетикасы мен селекциясын (Ғ.З. Бияшев, Т.Б. Дарканбаев, Ф. Полымбетова) зерттеу жұмыстары ғылыми жолға қойылды. Қазақстанда агрономия ғылымының салалары: егіншілік, агрохимия, топырақтану, өсімдік өсіру, т.б. өз алдына жеке сала ретінде дамып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *