АГРОНОМИЯЛЫҚ КЕНДЕР

АГРОНОМИЯЛЫҚ КЕНДЕР – агрономиялық кентастар – минералдық тыңайтқыштар алынатын шикізат (құрамында фосфор, калий, азот, т.б. элементтер бар) немесе өңделмеген күйінде қолданылатын тау жыныстары мен минералдық түзілімдер. Фосфорлы А.к-ге апатит пен фосфорит жатады. Апатит Көкшетау өңірінің жер қойнауындағы жыныстарда, Қостанай обл-ндағы Соколов-Сарыбай, Қашар кендерінің магнетит кентастарында кездеседі. Фосфориттің аса ірі кендері Қаратау, Ақтөбе фосфоритті алаптарында шоғырланған. Калий тыңайтқыштары алынатын А.к. – калий тұздары кендері. Азот тыңайтқыштары алынатын А.к. – калий мен натрий селитрі, сапропелит. Магнийлі, калий-магнийлі тыңайтқыштар өндірілетін А.к. – сульфаттар мен хлоридтер. Соңғылары Атырау облысындағы Индер, Ақтөбе облысындағы Шалқар, т.б. көлдерде көп ұшырасады. Өсімдіктердің өсуі мен дамуына өте керекті микротыңайтқыштарды өндіруге мыстың, бордың, марганецтің, мырыштың, молибденнің тікелей өндіріске жарамсыз кентастары мен өндіріс қалдықтары да пайдаланылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *