АГАХИ

АГАХИ, Мұхаммед Риза мираб ибн Ер Нийаз бек (1809, Хорезм — 1874, сонда) — тарихшы, ақын, аудармашы. Атақты сарай тарихшысы Мунис (мираб Шир Мұхаммед) өлгеннен кейін оның аяқтай алмай кеткен “Бақыт жұмағы” аталатын тарихи шығармасын жазып бітірді. Өзі 1825 — 75 ж. Хорезмде өткен оқиғаларды қамтитын бірнеше еңбектер (“Мемлекетті басқару”,“Тарих тар қаймағы”, “Бақыт құсы” жазды. А. шығармаларында Хиуаның ішкі саяси тарихы, оның көршілес елдермен қарым-қатынасы туралы мә- ліметтер мол. Қазақтар мен қарақалпақтардың, түрікмендердің, Иран мен Мауеран- нахрдың тарихынан құнды деректер берілген. 1870 ж. көктемде Орынбор қамалының маңында орыстармен болған ұрыста қазақтардың сәтті соғысқанын баяндайды. Хиуада болған оқиғаларға қазақ хандары мен сұлтандарының араласуы, Хиуа билеушілерінің Сырдария, Каспий мен Арал т. арасын қоныстанған қазақтарға жасаған шапқыншылығы, қазақ — қарақалпақ қарым-қатынасы туралы мәліметтер бар. А. парсы тілінен Саадидің “Гүлстан”, “Жүсіп — Зылиха”,“Бәһористан” Низамидің “һәфт пейкәр”(“Жеті сұлу”), Хилалидың “Шаһ уә геда”(“Патша мен кедей”), Кейкауустың “Кәбус-наме” Мирхондтың “Рәузәт ас-сафа” (“Тазалық бағы”) т.б. еңбектерді аударды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *