АГАФОНОВ Алексей Алексеевич (23.08.1947 ж.т., Ресей, Түмен қ.) — әскери қайраткер, генерал-майор (29.10. 1987). Санкт-Петербургтегі Жоғары жалпыәскерлік командалық уч-щені (1970), Мәскеудегі Фрунзе атынд. Әскери (1977) және Бас штаб Академиясын (1985) бітірген. Мотоатқыштар взводы, рота, батальон командирі, полк командирінің орынбасары, мотоатқыштар полкының командирі, дивизия штабының бастығы, мотоатқыштар дивизиясының командирі, штаб бастығы — жалпыәскерлік армия қолбасшысының орынбасары, ТМД елдері біріккен Қарулы Күштері штаб бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 1992 жылғы 30 қарашада ҚР Қорғаныс Министрлігі Бас штабы бастығының орынбасары болып тағайындалды. Қазір ТМД мемл-терінің бірлескен әскери істерін үйлестіру мәселелері бойынша ҚР-ның Мәскеудегі өкілі. “Отанға қызмет еткені үшін” орденімен марапатталған.