АГАТ, о н и к с — минерал, ақықтың (халцедон) бір түрі. Хим. формуласы Sі02, қатт. — 6,5. Түрлі түсті жұқа қабаттардың қатпарлануынан тұратын жасырын кристалды агрегаттары талшықты немесе радиал сәулелі түрде кездеседі. А-тың түсі құрамындағы темір, марганец т.б. металдардың тотықтары мен органик. қоспаларға байланысты болады. Қабатшаларындағы түстердің кезектесіп келуіне қарай а р а б о н и к сі (ақ және қара), к а р н е о л о н и к с (қызыл және ақ), сардоникс (күрең және ақ), т.б. түрлерге бөлінеді. Шығыс халықтары А-тың ақаусыз, өте әдемі түрлерін әшекей тас ретінде ертеден қолданып келеді. Эффузивті тау жыныстарында түзілуіне байланысты Қазақстанда А- тың кен орындары көп (Орталық, Шығ. Қазақстан, Ақтөбе обл.).