АГАР, агар-агар – теңіз балдырларының кейбір түрлерінен алынатын зат. Құра- мы балдырлардың түрлеріне байланысты әрқалай болады: полисахаридтер 60— 80%, су 10— 20%, минералдық заттар 1,5—4 % мөлшерінде кездеседі. Полисахаридтердің өзі, негізінен, агарозадан және агаропектиннен тұрады. А. суық суда ерімейді, ал ыстық суда жылдам ериді. А-дың 1,5%-тік судағы ерітіндісі 32- 36°С-қа дейін суытқанда қоймалжың кілегей (гель) түзеді, ол 85°С-та балқиды. А-дың кілегей (гель) түрінде түзілу қабілеті кұрамындағы агароза мен агаропектиннің көбеюіне байланысты азайып, тіпті жоғалып та кетеді. А. тамақ, әсіресе, кондитерлік өндірісте, сондай-ақ микроорганизмдер мен бакте- риялар өсіру үшін микробиологияда қолданылады. Әлемде жыл сайын 4500 т-ға жуық А. өндіріледі, оның 2000 т-сы Жапонияның үлесіне тиеді (1998).