АГАКАЙ (Agakay) Меһмет Әли (1893, Крит-21.10.1965) түрік тілінің маманы. 1917 ж. дәрігерлік ин-тты бітіріп, көз дәрігері болып қызмет атқарған. Тіл туралы жазған ма- қалаларын Ататүрік жоғары бағалап, “Түрік тілі қоғамына” жұмысқа шақырылған. Алғашқыда ол қоғамның атаулар, кейін (1941 — 62) сөздіктер бөлімін басқарады. А- дың редакциясымен шыққан “Түрікше сөздік” 4 рет (1945, 1955, 1959, 1966) басылды. А. метафоралар (1949), синонимдер (1956), французша-түрікше (1962) сөздіктері мен бірнеше лингвистикалық зерттеулердің және Ататүрік туралы естеліктердің авторы. Түркияның мемл. жоғарғы орны — Мәжілістің депутаты (1937—46), “Азаттық” ордені- мен марапатталған.