АВТОФАЗАЛАУ

АВТОФАЗАЛАУ, ф а з а л ы қ о р н ы қ т ы л ы қ — резонанстық үдеткіштердегі зарядталған бөлшектер қозғалысының оларды үдететін электр өрісі фазасымен салыстырғандағы орнықтылық құбылысы. Бұл құбылысты 1944 — 45 ж. Ресей физигі В.И. Векслер мен Америка физигі Э. Макмиллан бір мезгілде ашқан. А. — бірінен соң бірі келетін екі үдеу аралығына кететін уақыттың (Т) бөлшектер энергиясына (Е) тәуелді болуының салдары. Зарядталған бөлшектер үдетіліп отыруы үшін олар электр өрісінің тепе-теңдік фазасында (α0) немесе соның төңірегіне жақын болуы керек. Тепе-теңдік фазасының екі мәні (+ф0, — ф0) болады. Егер бөлшектер энергиясы (Е) өскен сайын уақыт та өсіп отырса, үдеткіш аралықтағы фазаның +ф0 мәніне түскен бөлшектер үдетуші өріспен тек резонанстық қозғалыста болады. Екінші тепе-тендік фаза -ф0 орнықсыз. Ол орнықты болуы үшін шарты орындалуы керек. Қазіргі заманғы резонанстық үдеткіштер жұмысы А-ға негізделген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *