АВТОТРОФТЫ ОРГАНИЗМДЕР

АВТОТРОФТЫ ОРГАНИЗМДЕР (грек. autos — өзі және trope — қорек) аутотрофты организмдер — қоршалған ортадағы бейорганикалық заттардан фотосинтез немесе хемосинтез процесі нәтижесінде тіршілігіне қажетті органикалық зат түзетін организмдер. А. о-ге жоғары сатыдағы өсімдіктер, балдырлар, кейбір бактериялар жатады.Автотрофты бактериалар минералды заттардан (Н25,NaNo2, NН4ОН) органикалық қосылыстар түзеді. Бұл процесс хим. реакциялар хемососинтез) нәтижесінде атқарылады. Мыс., топырақтағы нитросомонас және нитробактерилар аммиакты тотықтырып, азот қышқылының тұзына айналдырады да, одан босаған қуатты өз денесінің құрамына енетін заттарды түзуге иайдаланады. Кейбір микроорганизмдер денесінде хлорофилл тектес пигменттер болады, сондықтан олар синтездік процестерге қажет қуатты күн сәулесінен алады. Олар фотосинтездеуші автотрофты микроорганизмдер деп атайды. Жоғары сатыдағы өсімдіктер мен балдырлар да денесінде хлорофилл болғандықтан, қарапайым қосылыстардан — көмір қышқыл газдан күрделі органик. заттар түзу процесінде күн сәулесінің қуатын пайдаланады. Кейбір А.о. витаминдер мен өсуіне қажетті өзге де заттар- ды қоршаған ортадан алып отырады. А. о-дің басым көпшілігі С02-ні қалыптастырғыш пентозофосфаттық жол арқылы, ал бактериялардың кейбір түрлері (мыс., метан түзушілер) С02-ні басқа жолмен сіңіреді. Осыған байланысты көміртегі көзі ретінде пайдаланатын бактериаларды да А. о-ге жатқызу жайлы пікірлер бар. А. о-дің табиғатта маңызы өте зор.Олар адам мен жануарлар түзе алмайтын органик. заттарды жинақтайды. А. о. — биосфе- р.дағы органик. заттардың бастапқы өндіргіштері (продуценттері). Табиғатта фотосинтездеуші А. о. ерекше орын алады, себебі олар биосферадағы органик. заттардың басым бөлігін (жылына шамамен 162 • 109т), ал оның 2/3-ін жер бетіндегі өсімдіктер түзеді.Басқа А. о. үлесі онша көп емес. А. о. әрекеті басқа организмдердің тіршілігіне және табиғаттағы заттардың био- геохим. айналымына маңызды ықпал етеді. А. о. тағамдық заттарды бүлдірмейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *