АВТОТЕРБЕЛІС — тербелмелі жүйеде сыртқы периодты күштің әсерінсіз-ақ пайда болатын өшпейтін тербеліс. А-тің амплитудасы мен периоды осы тербелмелі жүйенің қасиетіне байланысты болады, ал еріксіз тербелістің амплитудасы мен периоды сыртқы әсердің сипатымен анықталады. Сағат маятнигінің тербелісі, шамды генератордағы электр тербелісі А-ке жатады. А. пайда болатын жүйені автотербелмелі жүйе деп атайды. Ол негізінен тербелмелі жүйеден, энергия көзінен және энергияның тербелмелі жүйеге келуін реттейтін тетіктен түрады. Сағат, үрмелі аспаптар, іштен жану қозғалтқышы, т.б. авто- тербелмелі жүйеге жатады.