АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ — ғылым, әдебиет және өнер туындыларын жасаушы тұлға мен ол туындыларды пайдаланушылар арасындағы қарым-қатынасты реттейтін аза- маттық құкық саласы. А. қ, туындының нақты бір пішінде жасалуына орай пайда болады және оның жариялану-жарияланбауына байланысты емес. А. қ. мүліктік және ахлақтық (моральдық) болып бөлінеді. Мүліктік (айрықша) құқыққа тек автордың өзі, яки, мұрагері ғана ие, яғни автор туындыларын өзінің, яки, оның құқығын қорғаушы ұйымның рұқсатынсыз пайдалануға болмайды. Мүліктік құқық өмір бойына және қайтыс болғаннан кейін тағы 50 жыл қорғалады. Мүліктік (айрықша) құқық өзгелерге тек авторлық шарт арқылы немесе мұрагерлік жолмен, яки, өсиеті бойынша беріледі. А. қ- тың қорғалу мерзімі шектелмейді: автор туындысын өзге біреудің меншіктеп кетуіне, өзгертуіне, бүлдіруіне, есімін алып тастауына жол берілмеуі тиіс.
Ресми құжаттар, мемл. нышандар мен белгілер, халық шығармы туындылары, ақпа- раттық хабарлар А. қ. объектілеріне жатпайды.
Елімізде “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы” Заң қабылданған. Заңда А. қ-ты бұзушылар үшін азаматтық, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік бел- гіленген. Авторлар құқығын қорғаумен Қазақстан авторлар қоғамы айналысады.