АВТОРИТАРЛЫҚ

АВТОРИТАРЛЫҚ (лат. auctoritas — билік, әсер) — қоғамдағы жетістіктер мен қарым-қатынастардың бір адамның абыройы мен беделіне, ықпалы мен әсеріне негізделуі. Мемл. биліктің мұндай жүйесі дін, мораль, пед. және құқық салаларында адамның өзіндік белсенді іздену шеңберін тарылтып, біреудің беделі мен абыройына табындыру арқылы догматизмге әкеледі; саясатта демокр. мен құқықтылыққа негізделген қоғамға қарама- қарсы билік тұжырымдамаларын және іс жүзіндегі үлгісін туындатады. Социологиядағы Франкфурт мектебінің өкілі Т. Адорноның пікірінше, авторитарлық тұлғаға табыну- шылық фашистік режимдерге алып келуі ықтимал.

Адамзат қоғамының даму тарихындағы А-тың тарихи формалары қатарына ежелден кездесетін деспоттық, тирандық, абс. және 20 ғ-да пайда болған әскери-полиц., фашистік режимдер мен “казармалық коммунизм” тәрізді билік түрлерін жатқызуға болады. Қазіргі кезеңде мемл.. биліктің авторитарлық, тоталитарлық және демокр. түрлеріне аралық түрлер келіп қосылуда. Ешбір заңмен шектелмейтін билік құру тәсілі оларды тоталитаризмге жақындататын болса, экон., мәдениет, жеке тіршілік, діни және т.б. салаларда мемл. реттемейтін бисаяси құрылымдарының болуы оларды демокр. жүйеге жақындатады. 20 ғ-да А. әр түрлі формада көрінді: әскери режим, монархия, деспоттық және диктатуралық режимдер т.б.

А. адам құқығына үнемі нұқсан келтіреді. 20 ғ-дың аяғына таман А. режимдер қоғамды жетілдіру немесе дүн. жүз. қауымдастық пен өз халқының алдында жағымды көріну мақсатымен демокр. ин-ттарды (сайлау, парламент, соттар және т.с.с.) пайдалана бастады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *