АВТОНОМИЯШЫЛДАР ОДАҒЫ

АВТОНОМИЯШЫЛДАР ОДАҒЫ — 20 ғ-дың басында Ресей империясының қол астындағы ұлттар мен ұлыстардың өзін-өзі билеуін қамтамасыз етуді көздеген қоғамдық- саяси ұйым. Бұл ұйым саяси күрескер, поляк ғалымы, проф. И.А. Бодуэн де Куртенэнің жетекшілігімен 1905 ж. қарашада Санкт-Петербургте құрылды. Оның құрылуы им- периядағы түз халықтарын азаттық күресте бір-біріне жақындастыра түскен ірі саяси оқиға болып табылады. Одақтың құрылуы мен қызметіне жалпыресейлік мұсылмандық қозғалыстың А. Ибрагимов, А. Топчибашев, С. Жантөрин сияқты көрнекті қайраткер- лері де тікелей ат салысты. Жантөрин одақ бюросының мүшесі болды. 1905 ж. 19 қара- шада Санкт-Петербургте өткен автономияшылдар съезіне М. Тынышбаев қатысты. А. о- ның міндеттері белгіленген бұл съезге поляк, әзербайжан, армян, грузин, белорус, укра- ин, еврей, латын, татар, қазақ халықтары атынан 83 өкіл қатысты. Автономияшылдар съезі “Ресей империясындағы барлық ұлттар орыс мемл-ін респ. негізде құруға атсалыссын; Ресей мемлекеті бір орталыққа қатаң бағындырылмаған федеративтік түрде болып, әр ұлт өз істерін өздері басқаратын автономия алсын” деген қарар қабылдады. А о-ның мүшелері Столыпин өктемдігі тұсында қуғын-сүргінге ұшырап, Бодуэн де Куртенэ абақтыға жабылды. Сөйтіп, одақ өз жұмысын тоқтатты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *