АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ

 — автомобиль көлігінің жүруіне арнап салынған жол. Автомобиль қозғалысының жиілігіне байланысты болатын техникалық топтастыруға сәйкес А. ж. 5 категорияға бөлінеді. I категориялы А. ж-нда автомобиль жылдамдығы сағатына 150 км болса, V категориялы А. ж-нда жылдамдық сағаты— на 60 км. А. ж. бойында жол белгілеріқызмет көрсету ғимараттары (автовокзал, май құю ст-лары, мотельдер жөне басқалары) боладыБіздің елімізде А. ж-ның жалпы мемл., респ., обл., жергіліктішаруашылық түрлері бар. Қазақстанда табиғи ресурстар мен ірі эконорталықтар бір— бірінен алшақ болғандықтан жүк көп тасыладыяғни жол— көлік кешенінің жұмысына басқа елдерге қарағанда көбірек тәуелдіЕлімізде пайдаланылатын А. ж-дарының ұз. 87,337 мың км, соның 17,67 мың км респмаңызы бар жолдар (93%-іне асфальт төселген), 69, 667 мың км жергілікті жолдар (57%-іне асфальт төселген). Үш мыңнан астам көпірлер мен жол өткелдері бар. Олардың 90%-і темірқұйматастан құйылған. А. ж-дары мен жол бойындағы қызмет көрсету ғимараттарының күтімі оны пайдаланушылардың төлейтін төлемдерінен, бензин мен дизель отынын сатудан түскен алымдарданақылы мемлжолдардан жүргені үшін төленетін төлемдерден құралатын жол қоры есебінен жүргізіледі. ҚР-ның жол қоры 5296439 мың теңге (1998). Қазақстанның басты даңғыл жолдары: Алматы – Астана – Қостанай, Алматы – Петропавл, Алматы –  Талдықорған, Алматы — Шымкент, Қызылорда — Ақтөбе — Орал А. ж-дары. Өзбекстан мен Түрікменстан арқылы ИранныңТүркияның, Пәкстанның теңіз порттарына шығатын ха- лықарбағыттардағы А. ж-дарын дамыту жоспарлары қабылданған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *