АВТОМАТ ҚАРУ (грек. аutymatos — өздігінен іске қосылатын) — шағын қашықтықтағы ұрыстарда жеке адамның оқ атуына арналған соғыс қаруы. Ату кезінде дәрі газының күшімен қайта оқталып, үздіксіз атылады. Оның конструкциясы мен жұмыс істеу принципі дәрі газының күшін пайдалану тәсіліне негізделгендіктен А.қ-дан үздіксіз де, жекелеп те атуға болады. А.қ-дың жеңіл түрі 1-дүн. жүз. соғысқа дейін-ақ жасала бастады. Қару-жарақ ғылымы мен техникасының дамуына орай 2-дүн. жүз. соғыста А. қ-дың тамаша жетілдірілген түрлері қолданылды. Осы заманғы А. қ-ды жасаушы конструкторлар: М.Г. Калашников, Е.Ф. Драгунов, Н.Ф. Макаров, т.б. Дамыған мемлекеттердің армияларында тек автоматты және өздігінен окталатын қарулар ғана қолданылады. А. к- дың кейбір түрлері Қазақстанда Орал қ-дағы “Металлист” з-тында жасалады; қ. “Ме- таллист ”зауыты.