АВТОМАТТЫ ЖЕЛI — өндірістегі өнімді дайындау немесе қайта өңдеудің барлық процесін автоматты түрде орындайтын машиналар жүйесі, сондай-ақ олардың негізгі және қосалқы жабдықтары. Автоматтандырылған ағынды өндіріс 20 ғ-дың басында өнеркәсіптің кейбір салаларында (мыс., химия және тамақ өнеркәсібінде), технологиясын басқаша ұйымдастыруға болмайтын басқа да өндіріс салаларында басталды. Ал А. ж. термині осы технология металл өндеу станоктары мен машиналары жүйелеріне қатысты қолданылған күннен қалыптасты. А. ж . арнаулы А.ж., белгілі бір бағытқа арналған А. ж. және әмбебап А. ж. болып бөлінеді. Арнаулы А. ж-лерде өнім пішіні мен көлемі жағынан қатаң, біркелкі өңделсе, белгілі бір бағытқа арналған А. ж- лер параметрлерінің диапазондары неғұрлым кең бір типті өнімдерді өңдеуге лайықталады. Әмбебап А. ж-лер әр түрлі бір типті өнімді дайындауға арналған жабдықтарды тез қайта ретке келтіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Өңдірістің көлемі мен сипатына қарай бірнеше технол. амалдарды орындауға арналған бір ағынды, көп ағынды, аралас келетін параллель және тізбекті әрекетті А. ж-лер болады. Біртұтас жүйеге параллель немесе тізбекті әрекетті бірнеше А. ж-нің біріктірілуі мүмкін. А. ж-лер басқарудың автоматтандырылған жүйесі арқылы басқарылады.