АВТОМАТТАНДЫРУ — техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу (тасымалдау), пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық-материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану. Онда: 1) технол., энер- гет., көліктік, тұрмыстық өндірістік процестер; 2) күрделі агрегаттарды, кемелерді, ғарыш кемелерін, өндірістік құрылыстар мен кешендерді жобалау; 3) цехты, мекемені, сондай-ақ әскери құрамалар мен бөлімшелерді ұйымдастыру, жоспарлау және басқару; 4) ғыл.-зерттеулер, мед. және тех. диагностикалау сапасын жақсарту, статистика деректерін өңдеу және есепке алу, бағдарламалау, инж. есептеу, т.б. автоматтандырылады. А- дың мақсаты — еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру, жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыкқа зиянды жұмыстан адамды босату. А. ғыл.-тех. прогрестің басты бір бағыты саналады.